Білім
1 мин оқу 340

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 178 азаматқа берілді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz&nbsp;</a>Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Республикалық комиссияның шешімімен 178 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді. Олар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндірістік орталықтарында магистратура, докторантура және резидентура бойынша білім алады, сондай-ақ тағылымдамадан өтеді.

Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде стипендиаттардың басым көпшілігі шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді.

Жиын соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
«Болашақ» халықаралық стипендиясы 178 азаматқа берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар