Теннис
1 мин оқу 175

Үздіктер қатарында үш теннисшіміз бар

<p style="text-align: justify;">Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауым&shy;дастығы (WTA) 2022 жылдың қоры&shy;тын&shy;ды рейтингін жариялады.</p>

Үздіктер қатарында үш теннисшіміз бар

Әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2022 жылды 21-орынмен қорытындылайды. Ол биылғы қаңтар айында жарияланған рейтингте 14-орында тұрған еді. Ал Юлия Путинцева әлемдік рейтингте үш саты жоғарылап, 51-орынға көтерілді. Путинцева 2022 жылды 42-орынмен бастаған-ды. Жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина рейтингтегі 11-орнын сақтап қалды. Анна қаңтар айын­да ұйымдастырылған «Үлкен дулыға» сана­тындағы алғашқы ірі жарыс – Аустралия ашық чемпионатының жұптық бәсекесінде финалға дейін жеткенін теннис жанкүйерлері ұмыта қоймаған болар.

Ерлер арасындағы рейтингке тоқталар болсақ, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жылды 37-орынмен аяқтады. Ол қаңтар айындағы тізімде 36-сатыда тұрған еді. Сондай-ақ жерлестерімізден Тимофей Скатов (142-орын), Михаил Кукушкин (188) және Бейбіт Жұқаев (308) өз көрсеткіштерін жақсартты.

Бөлісу:
Үздіктер қатарында үш теннисшіміз бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар