28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабалайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, елдің батыс өңірлерінде қар аралас жауын-шашын күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталығында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен қар жуып, оңтүстікте жауын-шашын болады.
Синоптиктер атап өткендей, Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде - тұман, батысында, оңтүстігінде - көктайғақ, батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында - жел күшейеді деп күтілуде.
Астанада ауыспалы бұлттылық байқалады, күндіз аздаған қар жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -16-18°С, күндіз -9-11°с.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз + 2 + 4°С.
Шымкентте ауыспалы бұлттылық, кейде жауын-шашын жауады. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс жел 5-10 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0, -2°С, күндіз + 6 + 8°С.