Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
<div class="art-box" style="color: #0b67cd;"> </div> <p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстандық синоптиктер еліміздің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлағандай, Абай облысында Семей және Риддер қалаларында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында бұрқасын болады деп күтіледі. Петропавл қаласында тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында соққан жел 15-20 м/с дейін жетеді.
29 желтоқсанда Ақтау қаласында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с дейін жел соғады.
Ал Шымкентте түнде тұман түседі.
Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында бұрқасын күтіледі.