Әлем
1 мин оқу 220

Абу-Дабидегі келелі келіссөз

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚазМұнайГаз&raquo; ұлт&shy;тық компаниясы&raquo; АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев &laquo;Abu Dhabi Ports&raquo; хол&shy;дингінің бас директо&shy;ры Мохамед Джума Аль-Шамсимен кездесу өткізді. Кездесу ұлт&shy;тық компания бас&shy;шысының Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиге жұмыс сапары аясында ұйым&shy;дас&shy;ты&shy;рылды.</p>

Абу-Дабидегі келелі келіссөз

Сапар барысында Мағзұм Мырзағалиев «Abu Dhabi Ports» компаниясының басты порты – 2012 жылы пайдалануға берілген Khalifa терең теңіз портына, сондай-ақ теңіз операцияларын қолдау базасына барды.

Кездесуде тараптар те­ңіз және жаға­лаудағы жүк тасымалы, Каспий айма­ғын­­дағы сауда флотын дамы­ту және инвестиция тарту са­ла­сын­дағы екіжақты ынты­мақ­тастықтың перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар «Қаз­МұнайГаз» бен «Abu Dhabi Ports» Каспий теңізіндегі ірі теңіз мұнай-газ жобаларына қызмет көрсету бойынша ынтымақтастық орнату мүм­кін­діктеріне тоқталды.

Еске сала кетейік, «Abu Dhabi Ports» – Біріккен Араб Әмірліктерінің порт, өнер­кә­сіптік және логис­ти­ка­лық операторы. Оның қор­жынында ірі кәсіпорындар бар. Сондықтан ол өңірдегі ірі холдингтік компаниялардың бірі болып саналады. Сон­дай-ақ компания Абу-Даби­дің әртараптандырылған эко­номикасының негізгі сек­торларын қамтып отыр.

«Abu Dhabi Ports» БАӘ мен Гвинеяда 11 порт пен терминалға (контейнерлік, жал­пы жүктер, Ро-Ро, круиздік), сондай-ақ 550 шаршы шақырымнан астам өн­ді­ріс­тік аймақтарға иелік етеді әрі басқарады. Бұл сауданы жеңілдетіп, Абу-Дабиді бүкіл әлеммен байланыстырады. Порт кластерінде Абу-Даби, Зайед, Халифа, Мусаффа, Мухаррак, Сила және басқа да порттар бар.

Бөлісу:
Абу-Дабидегі келелі келіссөз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар