Тағайындау
1 мин оқу 221

Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Сенат депутаттары Конституциялық соттың үш судьясын бекітті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламенттің әрбір палатасы Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке дербес тағайындайтынын атап өтті. Ал кандидатураларды Палата Төрағасы ұсынады.

«Осыған байланысты Конституциялық Соттың судьялары лауазымына Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаевтың, Асан Қайроллаұлы Ескендіровтың, Айгүл Қуанышпайқызы Қыдырбаеваның кандидатураларын ұсынамын», деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат депутаттары судьялардың кандидатураларын қолдады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эльвира Азимованы Қазақстан Конституциялық сотының төрағасы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Бөлісу:
Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар