Оқиға
1 мин оқу 230

Таразда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Таразда пластик шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылды. Полицейлер баланың анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.</p>

Полицейлердің мәліметінше, 29 желтоқсан күні сағат 11:30-да Тараз қалалық полиция басқармасының 2-полиция бөлімінің кезекші бөліміне Байзақ кентіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластик шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен.

«Мәйіт Жамбыл облыстық мәйітханасына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүріп жатыр», деп толықтырды полицейлер.

Бөлісу:
Таразда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар