Спорт
1 мин оқу 443

Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қатарынан екінші рет Алматыда өткен блиц бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Соңғы турда Бибисара Үнді шахматшысы Харика Дронаваллиді жеңді, ал қытайлық Тан Чжунъи Үндістаннан келген басқа шахматшы Хампи Конерден жеңіліп қалды.

«Мен екінші жыл қатарынан әлем чемпионы атандым. Өткен жылы мен чемпионатты сенімді түрде жеңдім, ал биылғы жылы біраз қиналдым. Енді мен отбасыммен бірге болғым келеді. Мен оларды қатты сағындым», деді Бибисара баспасөз мәслихатында.

Өткен жылы Бибісара Асаубаева Варшавада өткен блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Бөлісу:
Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар