Конституциялық Сот судьялары тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Конституциялық Сот судьялары тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;
Айжан Ержанқызы Жатқанбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;
Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;
Роман Анатольевич Подопригора Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды.