Аймақтар
1 мин оқу 440

Теміртауда жеңіл көлік төрт адамды қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Теміртауда жеңіл көлік төрт жаяу жүргіншіні&nbsp;<a href="https://www.instagram.com/p/Cm5faoDhyMh/?utm_source=ig_embed&amp;utm_campaign=invalid&amp;ig_rid=bcee8203-b25d-476a-870e-705c9ba293ad">қағып кетті</a>. Зардап шеккендердің бірі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға 31 желтоқсан күні сағат 19.20-да Теміртау қаласында болған. Абай көшесімен Б.Момышұлы даңғылы бағытында келе жатқан ВАЗ 2114 көлігінің 23 жастағы жүргізушісі реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Оқиға салдарынан 54 жастағы әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Факті полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметінен.

Қалған үш зардап шеккен адам медициналық көмектен бас тартты.

Бөлісу:
Теміртауда жеңіл көлік төрт адамды қағып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар