Аймақтар
1 мин оқу 225
Алматыдағы көпқабатты үйден 75 адам эвакуацияланды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматы қаласының Алмалы ауданындағы 18 қабатты үйдің төртінші қабатында өрт орын алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
ТЖД мәліметтері бойынша, 3 қаңтарда сағат 10:13-те өрт сөндірушілер Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-үй, 4-блок мекенжайы бойынша жоғары дәрежелі шақыруға шықты.
«Қабылданған шаралармен өрт 10:44-те оқшауланды, 10:59-да толық жойылды, бесінші қабатқа өрттің таралуына жол берілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. ТЖД-ның 43 қызметкері мен 11 техника шықты», деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу: