Елорда
1 мин оқу 220

Елорда көшелерінен 30 мың текше метрден астам қар шығарылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">2 қаңтардан 3-іне қараған түні елордадан 30 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</span></p>

Қардың көп жаууына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Бүгінде елорда бойынша қар күреу жұмысына 2,3 мыңға жуық жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылған.

2 қаңтардан 3-іне қараған түні полигондарға 30 мың текше метрден астам қар немесе 2191 жүк көлігі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 95 мыңнан астам жүк көлігін, яғни 959 мың текше метрден астам қар шығарды.

Бөлісу:
Елорда көшелерінен 30 мың текше метрден астам қар шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар