Аймақтар
1 мин оқу 253

Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматы облысындағы Түрген өзенінің шатқалының бойында қар көшкіні жүрді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қар көшкінінен кейін апатты жерді визуалды зерттеу жұмыстары жүргізілді.

«Зерттеу қорытындысы бойынша Түрген ауылы – Батан кентінен 16 шақырым жерде өздігінен қар көшкіні түскені анықталды. Қар көшкіні Түрген – Батан жолын жауып тастады. Құрбандар мен қираулар жоқ», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің «Казселезащита» мемлекеттік мекемесінен.

Қар көшкінінің ұзындығы - 40 м, ені - 6 м, биіктігі - 1,8 м, көлемі – 432 текше метр.

Жолды тазарту үшін төтенше жағдай орнына екі техника (фронттік жүк тиегіш, «Патриот» УАЗ) және бес адам жіберілді.

Бөлісу:
Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар