Аймақтар
1 мин оқу 493
Жаңатаста қар тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр
<p style="text-align: justify;">Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Түнде басталған тазалау жұмыстарына 13 техника, 20 адам күші жұмылдырылған. Қазірге дейін қаладағы негізгі 27 көшедегі (барлығы 48 көше) қар тазартылды.
Қардың биіктігі шамамен 21 см-ге жеткен. Ауданда жел секундына 12 метр жылдамдықпен соғып жатыр.
Сонымен қатар аудан орталығы мен елді мекендерді жалғайтын Ақтоғай, Жаңарық, Саудакент елді мекендеріне жол ашылып, көлік қатынай бастады. 4 жедел жәрдем көлігі кезекшілік етіп жатыр.
Бөлісу: