Аймақтар
1 мин оқу 353

Павлодар облысында 118 автокөлік жолда қалып қойды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Зардап шеккен адамдар жылыту пункттеріне орналастырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Екібастұз маңындағы Шідерті кентінде 118 автокөлік тұрып қалған, оның ішінде 26 жүк және 87 жеңіл көлік, 5 автобус бар. Адамдардың жалпы саны 225, оның ішінде 15-і бала», деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір өңірде үш жылыту пункті іске қосылды: «Сарухан», «Ақжол» қонақүйлері және Шідерті кентінің мешіті, онда 86 адам (35 адам, оның ішінде төрт бала - «Сарухан» қонақүйінде, 16 адам - «Ақжол» қонақүйінде және 35 адам, оның ішінде 2 бала - кент мешітінде) орналасқан.

Айта кетсек, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ қызметкерлері автожолды төрт аралас жол машинасымен және бір жеңіл автомобильмен, К-700 (МТЗ) төрт тракторымен қардан тазартып жатыр.

«ТЖД күштері мен құралдары (5 қызметкер және 2 бірлік техника), жергілікті полиция қызметі (7 қызметкер және 4 бірлік техника), әкімдік қызметкерлері (3 адам және 2 Машина) жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдар Шідерті кентінің мектеп асханасында ыстық тамақ ұйымдастырды», деп толықтырды ТЖД.

Бөлісу:
Павлодар облысында 118 автокөлік жолда қалып қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар