Аймақтар
1 мин оқу 393

Қарағандыда қар күреу жұмыстары қарқын алды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қарағандыда жолдарды қардан тазарту жұмыстарына 160 жұмысшы мен 180-нен астам арнайы техника жұмылдырылды. Бір тәулік ішінде қала аумағынан 18 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қала әкімдігі ұсынған мәліметке қарағанда, бүгін Қарағанды жолдары мен тротуарларын қардан тазалауға 184 арнайы техника мен 160 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

«Бірінші кезекте қарды автобус маршруттары өтетін негізгі магистральдардан, қоғамдық көліктің кірме аялдама қалталарынан, тротуарлардан, жаяу жүргіншілер өткелдерінен және одан әрі басқа учаскелерден шығарамыз», деп хабарлады қала әкімдігі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қар тазалау техникасының жұмысы күшейтілген режимде – екі ауысымда жүргізіліп жатыр.

Соңғы тәулікте қала аумағынан 18 мың текше метр қар шығарылды.

Бөлісу:
Қарағандыда қар күреу жұмыстары қарқын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар