Оқиға
1 мин оқу 515

Балалардың брайль кітабы

<p style="text-align: justify;">Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы арнаулы бөлімінің әлеуметтік қызметкері Саида Құсайынованың балаларға арнап брайль жүйесінде дайындаған ертегі кітапшалары көру қабілеті төмен жас оқырмандарға жаңа жылдық сый болды.</p>

Балалардың брайль кітабы

Бұған дейін барлығы 8 кітапша дайындап шық­қан Саида – Орал қаласын­дағы зағип және нашар көретін балаларға арналған мек­тептің түлегі. Биыл 30 жас­қа толған ол өз еңбек­терін оқушылардың қы­зы­­ғушылығына қарай орындайды, мысалы зағип балаларды қуанту үшін ол бес ертегі кітапшасымен бірге, Түрік қағанаты мен Мо­царттың өмірбаяны кі­тап­шасын және бір көр­некі құрал құрастырып ұсынды.

– Балалар жаңа жылға сыйлықтар күтеді. Мен де олардың көңіл күйін көтеруге тырыстым. Ба­ла­­ларға арналған бұл кі­тап­шалар қол моторика­сын дамытып, олардың оқу­ға қы­зы­ғушылығын арттырады деп сенемін дей­ді, – Саида Құсайынова.

2019 жылдан бері кі­тап­хананың арнаулы бө­лімінде брайльдан қосымша сабақ жүр­гізетін Саида зағип ба­ла­­ларға қуа­ныш сыйлау­мен қатар, олар­дың руха­ни көкжиегін кеңейтетін басқа да тың жобаларды қолға алмақ.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Балалардың брайль кітабы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар