Қоғам
1 мин оқу 300

Бакудің бас жүлдесі – бізде!

<p style="text-align: justify;">Әзербайжан астанасы Бакуде өткен SAF-2022 роботтехника фес&shy;тивалінде Қазақстан оқушылары жеңіс тұғырынан көрін&shy;ді. Сүйінші хабарды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жеткізді.</p>

Бакудің бас жүлдесі – бізде!

Ауқымды фестивальға Әзер­байжан, Түрікменстан, Эсто­ния, Швеция, Ұлыбритания, Өз­бекстан, Түркия және Қазақ­станнан 350 команда қатысқан. Отандастарымыз түрлі марапаттар мен жүлделі орындарға ие болды.

«Халықаралық бақылау­шы­лар командалардың өнер көрсету дең­гейін жоғары бағалады. Отан­дастарымыз Vex Robotics Competition саласы бойынша өт­кен бәсекеде басымдық таны­тып, негізгі 7 кубокті жеңіп алды. Жасөспірімдер санатында 1729X NEW EMPIRE коман­дасы бірлескен жарыста 2-орынды, ал жеке сайыста 3-орынды иеленді. 1729K LSF жасөспірімдер тобы командалық жұмыста 3-орынға, жеке жарыста 2-орынға тұрақ­тады», деп жазды министр өзінің телеграм каналына.

Жарыстың шешуші кезең­деріне қазақстандық 3 команда қатысып, барлығы да мәреге жеткен. Жоғары сынып оқушылары ко­мандалық және жеке санаттағы бә­секеде бірінші орынға ие болды.

«Балаларды әлемдік жарыс­қа дайындауға қолдау көрсет­кен Satbayev University мен Халық­аралық роботтехника академия­сына алғысымды білдіремін», деді Б.Мусин.

Бөлісу:
Бакудің бас жүлдесі – бізде! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар