Бокс
1 мин оқу 212

Азия біріншілігіне қатысады

<p style="text-align: justify;">Бокстан 22 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасы 16-27 қаңтар аралы&shy;ғында Тайландтың бас шаһары &ndash; Бангкокте жалауы желбірейтін Азия біріншілігінде өнер көрсетеді.</p>

Азия біріншілігіне қатысады

Сары құрлық бәсекесінде Қазақстан құрамасы 13 салмақ дәрежесінде жұдырық­тасады. Атап айтар болсақ, Бангкок шаршы алаңында ел намысын Санжар Тәшкенбай (48 кило), Даниял Сәбит (51 кило), Нұр­сұлтан Алтынбек (54 кило), Махмұд Сабыр­хан (57 кило), Талғат Сырымбетов (60 кило), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кило), Абзал Серік (57 кило), Сабыржан Ақ­қалықов (71 кило), Диас Молжігітов (75 кило), Ерасыл Жақпеков (80 кило), Сағын­дық Тоғамбай (86 кило), Ерхат Бекзат (92 кило) және Аманат Сабырғали (+92 кило) қорғайды.

Айта кетейік, былтыр Ташкентте өткен Азия біріншілігіне Қазақстан құрамасы елдегі саяси жағдайға байланысты қатыса алмады. Сол бәсекеде ала тақиялы ағайын­дардың бокс­шылары 12 алтын, 1 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте топ жарған еді.

Бөлісу:
Азия біріншілігіне қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар