Аймақтар
2 мин оқу 410

Жаркенттегі жаңа нысандар

<p style="text-align: justify;">Панфилов ауданында 3 жаңа нысан пайдалануға берілді. Атап айтсақ, 110 орынды модульді мектеп, 284 орынды балабақша, 50 адамға арналған спортзал елге есігін ашты. Жаңа нысандардың іске қосылуы нәтижесінде 75 жаңа жұмыс орны ашылды.</p>

Жаркенттегі жаңа нысандар

Жаңа білім ордасы Бөрібай би ауылында бой көтерді. Мо­дул­ьді конструкцияларды қол­данудың көмегімен мектеп 6 айда тұрғызылған. Ғимараттың жалпы алаңы 1 440 шаршы метр­ден асады, 13 кабинет қажетті құралдармен жабдықталған. Жо­ба­ның жалпы құны – 1,4 млрд теңге. Мұндағы футбол алаңы, спортзал ауыл балаларының тұ­­рақ­ты түрде спортпен айна­лысуы­на мүмкіндік туғыз­бақ.

«Жаңа мектеп маған қатты ұнады, іші жарық, жылы. Бұ­рын­ғы ескі мектепте кабинет­тер тар еді, әсіресе үзіліс кезінде қо­лай­сыз болатын», дейді Ә.Бөкей­­хан атындағы мектептің оқу­­шысы Ажар Әлімова.

Жаркент қаласында 284 орынды балабақша ашылды. Жеке кәсіпкер оған шамамен 300 млн теңгедей инвестиция салған. Жаңа нысанда 30 адам жұмыспен қамтылады. Кәсіпкер Мұратжан Зубаршаевтың ай­­туын­­­ша, бұл – Балалар жылы аясында ашып отырған алғашқы нысаны. Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбектің сөзіне сүйенсек, биыл Жаркент өңірінде бірнеше нысан іске қосылған екен.

«Былтыр меценат­тар­дың кө­ме­гімен ауылдарда 4 спорт кешені ашылды. Енді бесін­ші­сін ашамыз. Бұл ха­лықтың денсаулығын нығай­туға, бұ­қаралық спортты дамы­ту­ға мүм­кіндік береді», дейді М.Сағымбек.

Жаңа спорт залының жалпы алаңы – 250 шаршы метр. Оған 150 млн теңге инвестиция тартылған. 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпкер Арман Мұратжан өзіне көрсетілген қол­дауға ризашылығын жеткізіп, қо­ғамға пайдалы іс атқару ортақ міндет екенін атап өтті.

Жетісу облысы

Бөлісу:
Жаркенттегі жаңа нысандар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар