Медициналық мамандықта оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі
<p style="text-align: justify;">2022 жылы республикалық бюджеттен 4700 білім гранты бөлінді, оның 1500 гранты резидентураға арналған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің хабарлауынша, 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында республикалық бюджет есебінен резидентураға гранттар санын 2500-ге дейін ұлғайту көзделген.
Сондай-ақ 2021 жылы бакалавриат студенттері үшін шәкіртақы екі есеге жуық, интерндер үшін 25 пайызға, резиденттер, магистранттар, докторанттар үшін 15 пайызға өскені хабарланды.
«2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20% арттыру жоспарланып отыр. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін болады және біздің университеттерге мықты талапкерлерді қосымша тартады», деді Ғылым және адами ресурстар департаментінің Дәулет Алдынғұров.