Өскемен және Шүлбі ГЭС-і «Самұрық-Қазынаға» өтеді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Үкіметі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге кейбір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін беру туралы» 2022 жылғы 20 желтоқсандағы <a href="https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31943977&pos=0;0#pos=0;0" target="_blank" rel="noopener noreferrer">қаулыны</a> қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«Өскемен ГЭС АЭС» және «Шүлбі ГЭС АЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі мемлекеттік қатысу үлестері Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысын алған жағдайда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларына ақы төлеуге берілсін», делінген құжатта.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.