Доллар 3 теңгеге арзандады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 463,31 теңгені құрап, бірден 2,53 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы да төмендеп, 67,57 теңгені (-0,12) құрады.
Кешегі сауда-саттықта Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 6,48 теңгені құрады.
Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 494,91 теңге, рубльді - 6,53 теңге деп белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларды 464-468 теңгеден, еуроны - 488-494 теңгеден, ресей рублін - 6,2-6,5 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар, 6 қаңтардағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы біршама өсті.
Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Наурыз айындағы Brent мұнай фьючерстерінің құны 1,03%-ға көтеріліп, барреліне 79,50 долларды құрады.
NYMEX Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстерінің ақпан айындағы бағасы 1,07%-ға өсіп, барреліне 74,46 долларға жетті.