Президент
1 мин оқу 232

Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бірін-бірі құттықтады.

Президенттер осы жылдары екі ел арасында көпжақты және өзара тиімді мемлекетаралық байланыстар жолға қойылғанын атап өтіп, қатынастардың стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанын жеткізді.

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон қазақ-тәжік қатынастарын одан әрі нығайту жөніндегі бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екенін тағы да нақтылады.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар