Аймақтар
1 мин оқу 200
СҚО-ның мектеп оқушылары қашықтан оқиды
<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында 9 қаңтар күні мектеп оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Құтқару қызметі Darmen мобильді қосымшасы арқылы дүйсенбі күні мектептердегі сабақтардың тоқтатылатынын хабарлады. 1 мен 11 сынып оқушылары демалыстан кейінгі алғашқы сабақ күнін қашықтан өткізеді. Ауа температурасы минус 35 градусқа дейін төмендейді.
Бұған дейін синоптиктер қаңтардың 9-ы мен 11-і аралығында облыста түнде минус 30-35 градусқа дейін күрт суытып, облыстың солтүстігінде 38 градус аяз, күндіз минус 25 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен болатын.
Бөлісу: