Қоғам
1 мин оқу 380

Алматы – Петропавл теміржол рейсі екі есе қысқарады

<p style="text-align: justify;">14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында Алматы-2 - Петропавл бағытындағы №105/106 &laquo;Тальго&raquo; пойызының құрамы рейстер жиілігін азайтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тальгоның жөндеу жұмыстарына байланысты 2023 жылдың 14 қаңтарынан 6 наурызына дейінгі кезеңде қозғалыс жиілігі (екі күн сайын) екі есеге қысқарады. 

Пойыздың жүру жиілігі:

- Қаңтар айында Алматыдан тақ күндері бойынша, ақпан/наурызда – жұп күндері бойынша;

- Қаңтар айында Петропавлдан жұп күндерде, ақпан/наурызда – тақ күндер бойынша жүреді. 

«Теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, бұған дейін тоқтатылған рейстерге жол жүру құжатын рәсімдеген жолаушылардың билет құны толығымен қайтарылады», деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Алматы – Петропавл теміржол рейсі екі есе қысқарады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар