Қоғам
1 мин оқу 370

Елімізде неше жол учаскесі жабық тұр?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазавтожол&raquo; Қазақстандағы жабық жолдар учаскелері туралы өзекті деректермен бөлісті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қарлы боран мен көрінудің шектелуіне байланысты республикалық тасжолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды», деп хабарлады «Қазавтожол» ҰК баспасөз қызметінен.

Ақмола облысында Жезқазған-Петропавл тасжолының 377-440 шақырымында көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. 

Сондай-ақ «Көкшетау-Атбасар» тасжолының 49-184 шақырымында көлік қозғалысы шектелген.

Абай ауданында «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 910-1002 шақырымында, жүк және қоғамдық көлік үшін «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 1002-1087 шақырымында, «Алматы-Өскемен» тасжолының  971-1068 шақырымында  шектеулер енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Шемонаиха» және «Өскемен-Риддер» тасжолында көліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді.

Ұлытау облысында «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Жезді ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі бөлігінде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Қостанай облысында «Жезқазған-Петропавл» тасжолының екі учаскесі көліктердің барлық түрі үшін жабылды. Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына және Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін жабық.

Бөлісу:
Елімізде неше жол учаскесі жабық тұр? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар