Қоғам
1 мин оқу 330

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

<p style="text-align: justify;">7 қаңтарда Алматы облысында арнайы операция өтті. Полиция жасырын есірткі зертханасын анықтап, 30 келі мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Арнайы операцияны Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп ұйымдастырды.

Анықталғандай, есірткі зертханасын ұйымдастырушы синтетикалық есірткінің ауқымды өндірісін жолға қойған. Тінту барысында барлығы 30 келі мефедрон және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реагенттер табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар