Теннис
1 мин оқу 132

Еленаның екінші турнирі

<p style="text-align: justify;">Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыба&shy;кина Аустралияның Аделаида қала&shy;сында бүгін жалауы желбірейтін WTA 500 сана&shy;тындағы екінші турнирге қатысады.</p>

Еленаның екінші турнирі

Осыдан бір апта бұрын дәл осы қалада өткен бірінші турнирде отандасымыз алғашқы айналымда әлемнің 14-ші, сол жарыстың 5-ракеткасы ретінде тіркелген америкалық Даниэль Коллинзбен кездесіп, үш сетте – 5:7, 6:2, 6:3 есебімен басым түс­кен болатын. Алайда екінші кезеңде әлем­дік рейтингте 69-орында тұрған 20 жастағы украиналық Марта Костюкке 6:7, 6:2, 6:3 есебімен жол берген еді.

Араға апта салып дәл сол қалада ұйым­дастырылып жатқан жүлде қоры 239 мың 477 АҚШ долларын құрайтын WTA 500 санатындағы екінші жарыстың бастапқы бәсекесінде Елена Рыбакина әлемнің 8-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік байқасады. Екі теннисші бұған дейін кортта үш мәрте кездесіп, біреуінде – Рыбакинаның, екеуінде ресейлік теннис­шінің мерейі үстем болған. Ең кейінгі рет олар былтыр АҚШ-тың Сан-Хосе қала­сындағы WTA 500 турнирінің бірінші айналымында кездесіп, Д.Касаткина 1:6, 6:2, 6:0 есебімен басым түскен.

Бөлісу:
Еленаның екінші турнирі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар