Қоғам
1 мин оқу 341

Қазақстанда тұрғын үй бағасы төмендеді

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2018 жылдың наурыз айынан бастап қайталама тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуі байқалды. 2022 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін пәтерлерді қайта сату 1,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атап айтқанда, Астанада тұрғын үй бағасы 5,1%-ға, Шымкентте 2,7%-ға және Ақтауда 1,6%-ға төмендеді.

Желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады.

Алайда жаңа тұрғын үйді сату бағасы керісінше 0,4%-ға өсті.

Жалпы алғанда, бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 15,6%-ға өсті.

2022 жылғы желтоқсанда абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45%-ға өскен.

Өңірлерде бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар бір жылда Ақтөбеде 29,3%-ға, Ақтауда 26,6%-ға, Семейде 22,3%-ға қымбаттады.

Бөлісу:
Қазақстанда тұрғын үй бағасы төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар