Оқиға
1 мин оқу 210
Ақтаудағы жарылыстан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Ақтау маңында жанармай цистернасының жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
1989 жылы туған ер адам күйік салдарынан ауруханада көз жұмды.
«Науқастардың бірі қайтыс болды. 1981 жылы туған екінші науқастың жағдайы әлі де ауыр. Оның бас-ми жарақаты, оң аяғы мен оң иығының 3-дәрежелі термиялық күйіктері бар. Дәрігерлер науқастың жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», деп хабарлады ауруханадан.
Айта кетейік, 8 қаңтарда Ақтау маңында жанар-жағармай тиелген вагон цистерна жарылды. Жарылыс салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.
Бөлісу: