Әлем
1 мин оқу 200
АҚШ-та ірі жол апатынан 2 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Айова штатындағы жолдардың бірінде ірі жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Айова штатындағы жолдардың бірінде 15 көлік бір-біріне соқтығысқан. Жол апатына көктайғақ себеп болған.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жолаушылар мемлекеттік ауруханаларға жеткізілді, олардың кейбірінің жағдайы ауыр деп бағаланады.
Оқиға болған автожол 8 сағатқа жабылды. Жергілікті билік ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді қырағы болуға шақырды.
Бөлісу: