Аймақтар
1 мин оқу 185

Қостанайдағы облыстық кітапханаға жарылғыш зат қойылғаны рас па?

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 9 қаңтарда қала полициясына әуежай ғимаратында, ауруханаларда, кітапханаларда және басқа да нысандарда жарылғыш заттар қойылғаны туралы қоңыраулар келіп түскен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полицейлер қоңырауларды мұқият тексерді, олардың барлығы жалған болып шықты.

«Қазіргі уақытта полиция осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтап жатыр. ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қостанайдағы облыстық кітапханаға жарылғыш зат қойылғаны рас па? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар