Әлем
1 мин оқу 310

Египеттің оңтүстігінде тұрғын үй опырылып түсті

<p style="text-align: justify;">Египеттің оңтүстігіндегі Асьют провинциясында тұрғын үй құлап, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Асьют әкімшілігінің мәліметінше, провинцияның батысындағы 5 қабатты ғимарат опырылып түскен. 

Асьют губернаторы генерал Исам Саад үйінділерді шығару жұмыстарын қадағалайтын арнайы комиссия құруды және аймақтағы барлық ғимараттарды тексеріп, оқиғаның себептерін анықтауды тапсырды.

Бөлісу:
Египеттің оңтүстігінде тұрғын үй опырылып түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар