Қазақстан
1 мин оқу 370

Қандастар мен мигранттарды қабылдау квотасы ұлғайтылды

<div class="section__header"> <p class=" typography typography__variant-h1 section__header-title " style="text-align: justify;" data-tip="true">Биыл қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін квота мөлшері артты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p> <p class=" typography typography__variant-h1 section__header-title " style="text-align: justify;" data-tip="true">&nbsp;</p> </div>

Бұйрықтың мақсаты Үкімет айқындайтын өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы қоныстандыру. 2023 жылғы квота келесідей бөлінді:

Қандастар үшін: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 138 адам, Қостанай облысы бойынша – 150, Абай облысы бойынша – 196, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 239, Ақмола облысы бойынша – 270, Павлодар облысы бойынша – 932 адам;

Қоныс аударушылар үшін: Қарағанды облысы бойынша – 33 адам, Ұлытау облысы бойынша – 120, Абай облысы бойынша – 238, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 305, Қостанай облысы бойынша – 530, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 2 660, Павлодар облысы бойынша – 2 841 адам.

Қандастар мен қоныс аударушыларды қолдау үшін қосымша субсидия түрінде көмек беру қарастырылған:

Көшуге –  отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) көлемінде біржолғы төлем;

Бір отбасына 12 ай ішінде  тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 15-тен 30 АЕК-ке дейін (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін 1 млн 107 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды. 

2022 жылы жалпы 19 178 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Бөлісу:
Қандастар мен мигранттарды қабылдау квотасы ұлғайтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар