Қазақстан
1 мин оқу 510

Зейнет жасына жеткен ҰҒА академиктеріне стипендия төленеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы <a href="https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37832449&amp;show_di=1" target="_blank" rel="noopener noreferrer">қаулысымен</a> зейнет жасына жеткен Ұлттық Ғылым академиясының академиктеріне ай сайынғы стипендия мөлшері белгіленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оның мөлшері 60 АЕК, яғни 207 000 теңгені құрайды.

Стипендияға ілігу үшін академиктер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • Стипендияны еркін нысанда төлеуге өтініш;
  • ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);
  • ҚР азаматтығын растайтын құжат (ҚР азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);
  • Екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банктен анықтама.

Шәкіртақы төлеу келесі жағдайларда тоқтатылады:

  • ҰҒА академигінің қайтыс болуы (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);
  • ҰҒА академигін хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау (сот актісі);
  • ҰҒА құрамынан шығару (ҰҒА Президиумы отырысының хаттамасынан үзінді);
  • Стипендиат ҚР азаматтығынан айырылған жағдайда.

Қаулы 2023 жылдың 10 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Зейнет жасына жеткен ҰҒА академиктеріне стипендия төленеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар