Аймақтар
1 мин оқу 340

Қостанайда коммуналдық апат болып, бірнеше үй сусыз қалды

<p style="text-align: justify;">Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесінде су құбыры желілеріндегі құдықтан ақау шықты. Апат орнына мамандар жіберілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қостанай Жылу энергетикалық компаниясының баспасөз қызметі атап өткендей, апатқа су құбыры желілерінің тозуы себеп болған.

«10 қаңтарда сағат 11:00-де «ҚТЭК» МКК диспетчеріне құдықтан су ағып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Арнайы бригада апат орнына сағат 12:00-де жеткен», деп хабарлады коммуналдық кәсіпорын.

Апат салдарынан Тәуелсіздік және Қозыбаев көшелеріндегі үйлер сусыз қалды.

Апатты жою жұмыстары күні бойы жүргізіледі. ҚТЭК суық сусыз қалған үйлердің тұрғындарына су тасымалдауға уәде берді.

г

Бөлісу:
Қостанайда коммуналдық апат болып, бірнеше үй сусыз қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар