Теннис
1 мин оқу 235
Михаил Кукушкин Аустралияда сәтті өнер көрсетті
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарын сәтті бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, дүниежүзілік рейтингте 195-ші орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 157-ші ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен шеберлік байқасты.
Михаил бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде де өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4.
Кукушкин іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 138-ші ракеткасы, жапониялық Ёсуке Ватанукимен кездесу өткізеді.
Бөлісу: