Ауа райы
1 мин оқу 380

Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз күтіледі

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық синоптиктер 2023 жылдың 11 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, ел аумағының басым бөлігіне арктикалық аязды антициклон әсер етеді.

«Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар өтеді, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аудандарда кейде қалың қар, желдің күшеюі, боран, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі», делінген синоптиктердің хабарламасында.

Мамандардың болжамы бойынша:

  • Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде -40-41 градусқа дейін,
  • Маңғыстау облысында -25 градус,
  • Ақмола облысында -40 градусқа дейін,
  • Қарағанды облысында -35-38 градус,
  • Ақтөбе облысында -35-36 градусқа дейін,
  • Атырау облысында -30 градус,
  • Түркістан облысының солтүстігінде -25-27 градус,
  • Жетісу облысының таулы аудандарында -25 градус аяз күтіледі.

Астанада ауыспалы бұлттылық сақталып, кейде аздаған қар жауады. Батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -35...-37°С, күндіз -26...-28°С болады.

Алматыда күн бұлтты болады деп болжанады, кейде қар жауып, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз -10...-12°С жетіп, одан әрі төмендейді.

Шымкентте ауыспалы бұлт, түнде және таңертең қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, 8-13 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -14...-16°С, күндіз -8...-10°С.

Бөлісу:
Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз күтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар