Аймақтар
1 мин оқу 262

Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қарағанды қаласындағы 16 қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатында газ жарылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қарағандыда төтенше жағдай орын алды. 16 қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатында газ жарылды.

Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Апат орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барды.

«Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД, Жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының 50 адамы мен 12 бірлік техника жіберілді», деп хабарлады  облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Жалын сағат 22:37-де оқшауланды. Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс болған пәтерде үш адамның денесі табылды. Тағы бір жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Эвакуацияланған тұрғындарды жылыту үшін  облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 3 вахталық автобус жіберді. 

Бөлісу:
Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар