Аймақтар
2 мин оқу 190

Теріскейде өршіген тұмау

<p style="text-align: justify;">Қазіргі эпидемиологиялық маусымда тұмауратқандар санының өсімі өткен маусыммен салыстырғанда 1,5 есе артық делінген. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 65 пайыз болған. Биылғы алғашқы науқас 14 қазанда тіркелген.</p>

Теріскейде өршіген тұмау

Ал жуырда облыстық санитар­лық-эпидемиологиялық департа­мент басшысының орынбасары Арман Көшбасов былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда науқастанғандардың биылғы өсі­мі 1,6 есе деп жариялады. Соның ішінде 260 адам эпидемиялық мау­сым басталған кезден тіркел­ген. Олардың арасында 49-ы – жүкті әйел, 83-і – 14 жасқа дейінгі балалар.

Науқастардың ең көп шоғыр­лан­ған жері – Петропавл қаласы. Барлық науқастың 139 осында тір­кел­ген. Аудандар арасында Қы­зыл­жар мен Шал ақынның әрқайсысында 20-дан науқас табылып отыр. Барлық тұмауратқан 262 адамның 245-і тұмаудың В, ал 17-сі А түрімен науқастанған. А.Көшбасовтың айтуынша, нау­қастанғандардың бәрі де тұмауға қарсы екпе алмағандар.

«Қазір науқастанғандар са­ны өсе түсуде. Халықтың өз ден­сау­лығына көңіл бөлмейтіні бізді алаң­датады. Егер екпе алған­дар көп болса, науқастың саны да азаяр еді. Облыста барлық екпе алған тұр­ғын саны – 75 мыңдай, бұл – барлық тұрғынның 14 пайы­зы ғана, олардың арасынан бір­де-бірі ауырған жоқ», дейді маман.

Бір қызығы жаман індет мең­деп тұрған 2021 жылдың дәл осы мерзімінде тұмауратқандар са­ны 40 адам ғана болған. Ал 2020 жылы тіпті бірде-бір адам тұмау­ратып ауырмаған екен.

Маманның айтуына қарағанда, халық тұмаудан сақтану үшін мас­каны дұрыс қолдануға, көпшілік жерде әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, жеке гигиенаны ұмыт­пауға шақырады.

Биылғы жаман індетке ұшыра­ғандар саны да өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсіп отыр. Әзірге 50-ден артық адам тіркелген. Халқымыз «сақ­тан­саң сау боларсың» дейді ғой, сақтанудың еш артықтығы болмайды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Теріскейде өршіген тұмау · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар