Теннис
1 мин оқу 160

Дұрбандағы додаға қатысады

<p style="text-align: justify;">Үстел теннисінен биылғы жылғы әлем чемпионатының жалауы мамыр айының екінші жартысында Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Дұрбан қаласында желбірейтіні белгілі.</p>

Дұрбандағы додаға қатысады

Ал сол жарыстың іріктеу турнирі бұл күндері Қатардың бас шаһары – Дохада өтуде. Бұл жерде сары құрлықтың ең үздік теннис­шілері өзара шеберлік байқасуда. Күні кеше ғана Парсы шығанағынан қуанышты хабар жетті. Жұптық бәсекеде Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев шешуші тұста ирандық Нима Аламиян мен Ношад Ала­миянды 4:0 есебімен ойсырата ұтып, әлемдік доданың жолдамасына иелік етті. Аралас жұптар сайысында Айдос Кенжеғұлов пен Зәу­реш Ақашеваның да асығы алшысынан түсті. Олар Үндістанның өкіл­дері – Шарат Ачанта мен Среа Акуладан 4:3 есебімен айласын асырды.

Жекелеген бәсекеде тоғыз жерлесіміз өнер көрсетіп, солардың арасынан тек Кирилл Герасименконың жолы болды. Ол Сауд Арабия­сының спортшысы Халид әл-Шарифті бас көтертпей ұтты.

Бөлісу:
Дұрбандағы додаға қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар