Спорт
1 мин оқу 210

Кирилл Герасименко әлем чемпионатына жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Катарда үстел теннисінен әлем чемпионатына Азиялық іріктеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, жеке есепте Кирилл Герасименко Кларенс Чжэ Юды (Сингапур) 4:1 есебімен жеңді. Бұл оған әлем кубогіне жолдама алуға мүмкіндік берді.

Бұған дейін Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев әлемдік турнирге жұптық разрядта, ал Зәуреш Ақашева мен Айдос Кенжіғұлов аралас разрядта жолдама алған болатын.

Бөлісу:
Кирилл Герасименко әлем чемпионатына жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар