Руханият
2 мин оқу 582

Оқуға құштар отыз баланы газетке жаздырды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Мерейлі отбасы &ndash; 2022&raquo; ұлттық байқауының жеңімпазы Андас әулеті облыстағы білімге құштар, ұлттық құндылыққа жаны жақын 30 оқушыны республикалық &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; және облыстық &laquo;Jetisy&raquo; газеттеріне жаздырып, демеушілік танытты. Бұл бастамаға облыстық білім басқармасы мен &laquo;Казпошта&raquo;АҚ Алматы облыстық филиалы да атсалысты. Осыған орай Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде тағылымды шара өтті.</p>

Оқуға құштар отыз баланы газетке жаздырды

Аталған салтанатты жиынның тізгінін облыстық «Jetisy» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Жұматай Әміре ұстады.

«Қазақ әдебиеті мен мәде­ние­тінде орны бөлек кешегі Мағжан, Ілияс, Мұхтар бастаған ұлы көштің бәрі де газет арқы­­лы танылып, есімі тарихта қалды. Одан кейінгі сан буынды тәр­бие­леуде де басылымдардың орны ерекше, беделі биік болды. Міне, бүгінде сол дәстүрді Андас әулеті жалғастырып, облыс­тың аудан, қаласынан 8-10-сы­нып ара­лығында оқитын 30 оқу­шыны «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында газетке жаздырып, демеушілік танытып отыр. Әрине, білімге, ғылымға, руханиятқа жасалған демеу­ші­ліктің баға­сы үстем болатыны анық», деді Ж.Әміре.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытауда өткен Ұлт­тық кеңесте берген тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Облыс­тық білім басқармасының бас маманы Руслан Арсыланов аталған жоба аясында өңірімізде қандай ша­ралардың атқарылып, нендей жетістіктерге жеткені туралы баян­даса, «Казпошта» АҚ Алматы облыстық филиалының жетекшісі Айбол Таңжарбек оқу­­шы­ларға поштаға жазылған тү­бір­­тегін табыс етті.

Келесі кезекте Андас әулетінің отанасы, «Парасат» орденінің иегері, «Алтын алқалы» ана Әуес­хан Мажайқызы балалардың бо­ла­­­шағына сәттілік тілесе, осы әулет­­­­тің ұлы, әріптесіміз Қажет Андас әулет құндылығы туралы айта келіп, тарихшы, айтыс және жазба ақын Андас Омарақынның «Тарих талғарында», «Дода», «Жылдар ізі» атты 3 томдық ең­бе­гін таныстырып, оқушыларға сый­ға берді. Сондай-ақ облыстық білім басқармасы мен Андас әуле­ті бірлесе отырып, алдағы жарты жылда «Оқуға құштар мек­теп» жобасы негізінде жүр­гі­зілетін «Андас Омарақын оқу­лары­ның» ережесімен таныс­тырды.

«Жаңа бастама бүгінгі ша­ра­ға қатысқан 30 оқушының ара­­­сын­да, алғашқы жарты жыл­дық­та сынақ ретінде өтеді. Ол «Тарих талғарында» жас өлкета нушылардың ғылыми жұ­мыстары байқауы, «Дода» атты жас ақындар айтысы және «Жылдар ізі» атты жас шайырлар мүшәйрасы сияқ­т­ы үш бағытта жүргізіледі. Әр аталымға дайындалған оқушы­лар еңбегінде Андас Омар­­ақын шығармашылығын үлгі етуі керек. I, II, III дәрежелі орын алған үміткерге облыстық білім басқармасының Алғыс­хаты мен Андас отбасы атынан қомақты ақшалай жүлде тағайындала­ды. Үш аталым бойынша І орын алған оқушылар оқитын мектеп­ке облыстық білім басқармасы­ның «Оқуға құштар мектеп» атты көшпелі туы тапсырылады», ­деді Қ.Андас.

Келесі кезекте әр өңірден кел­ген оқушылар өз өнерлерін көр­се­­тіп, өлең оқып, айтысып, ша­ра­ның шырайы ашыла түсті.

Жетісу облысы

Бөлісу:
Оқуға құштар отыз баланы газетке жаздырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар