Аймақтар
2 мин оқу 522

Жалғас тапқан жәдігерлер

<p style="text-align: justify;">Махамбет ауданының Есбол орта мектебінде тарих пәнінен дәріс беретін Жалғас Таңатов оқушыларды археологиялық қазба жұмыстарына жиі апарып жүр. Өткен жылы ол өзі тұратын ауыл маңынан көптеген тарихи жәдігер тапқан.</p>

Жалғас тапқан жәдігерлер

Оның айтуынша, алғашқы табылған жәдігер – азамат соғысы жылдарына тиесілі оқ патрондары. Бұларды Есбол мен Ақ­жайық ауылы аралығындағы ескі қыс­тақ орнынан тауып алған.

– Нөмірлі кодына қарағанда, патрондардың бірі Германияда, енді бірі Петербургта шығарыл­ғаны анықталып отыр. Ауыл маңындағы ескі егін алқабының орнынан Алтын Орда дәуіріндегі Өзбек ханның тұсында қолда­нылған кәдімгі мыс ақша та­былды. Шамамен 1313-1341 жыл­­дарға тиесілі теңгеде «721г.х», «Сарай Берке» деген жа­­зу анық сақ­талған. Бұлардан бас­­қа қыш құмыралар, күміс әше­­кей­лер, алтын, мыс тиындар мен тұр­мыстық бұйымдарды да тап­тық. Жәдігердің барлығы Ес­бол орта мектебіндегі шағын мұ­ражайға қойылды, – дейді Жалғас Таңатов.

Мұғалімнің пікірінше, оқу­шылардың тарихи жәдігерлерге қы­зығушылығы артқан. Сол себептен, олардың тарихи жәді­гер­лерді зерттеуге ынтасын оятуды көздеп отыр.

1

– Бала күнімізде қой жайып жүріп, құмыраның сынықтарын тауып алатын едік. Бірақ оны зерттеу ойымызға келмеді ғой. Үлкендерден Есбол ауылының маңында тарихи орындар көп екенін еститінбіз. Бірі – азамат соғысы кезіндегі «ақ­тар» мен «қызылдардың» шай­қасы болған жер, екіншісі – Исатай мен Махамбеттің Жайықтан өт­­кен жолы, үшіншісі – археолог­тер зерттеу нысаны ретінде бел­гілеген ежелгі сарматтардың қо­­ры­мы. Бұл ауылдың ма­ңында Ай­туар би, Мұрат Мөң­кеұлы ба­баларымыздың өмірдерек­те­рін­дегі зерттелмей жатқан орындар да жетерлік. Тіпті Алаш арысы Халел Досмұхамедұлының әкесі де біздің ауылдан 5 шақырым жерде жерленген болып шықты. Оны тапқан қарапайым ауыл тұр­ғыны, жылқышы ағамыз Аслан Жал­мұханов еді, – дейді ауыл мұ­ғалімі Жалғас Таңатов.

Атырау облысы

Бөлісу:
Жалғас тапқан жәдігерлер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар