Аймақтар
1 мин оқу 380

Қызылордада атыс болды

<p style="text-align: justify;">10 қаңтар сағат 1:30-да лаундж-барлардың бірінде Қызылорданың екі тұрғыны арасында жанжал болған. Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісіне травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген.

«Кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстады. Дәлелдер алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», деді Қызылорда қаласы ПБ Тергеу бөлімінің бастығы Асылбек Бексейітов.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қызылордада атыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар