Әлем
1 мин оқу 292

Башқұртстанның бірінші президенті қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Башқұртстанның бірінші президенті Мұртаза Рахимов ұзаққа созылған дертінен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Башқұрт Құрылтайы төрағасының орынбасары Рүстем Ахмадинуров мәлімдеді. 

Мұртаза Рахимов 1993 жылдан 2010 жылға дейін Башқұртстан Республикасының президенті қызметін атқарған. Ол 1934 жылдың 7 ақпанында Кугарчин ауданы, Таканово ауылында дүниеге келген. Уфа мұнай институтын бітірген. 

1960-1976 жылдары Уфа мұнай өңдеу зауытында қондырғы бастығы, цех бастығының орынбасары, өндіріс бастығының орынбасары, бас инженердің іске қосу және реттеу жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1976-1978 жылдары зауыттың бас химигі - бас инженердің орынбасары, 1978-1986 жылдары бас инженер, 1986-1990 жылдары директор болған. 

1990-1993 жылдары Башқұртстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болған.

Бөлісу:
Башқұртстанның бірінші президенті қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар