Теннис
1 мин оқу 217
Елена Рыбакина Аделаида турнирінің финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Елена ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жартылай финалда жарыстың үшінші ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасып, 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.
Олар соңғы бәсекеде чехиялықтар Мириам Колодзьежова – Маркета Вондроушова немесе бразилиялық Луиза Стефани – америкалық Тэйлор Таунсенд жұптарының бірімен бас жүлдені сарапқа салады.
Бөлісу: