Аймақтар
1 мин оқу 225

Алматыда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Бүгін&nbsp;Алматы қаласының Алмалы ауданы, Абай даңғылындағы 4 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгін сағат 14.31-де Алматы қаласы ТЖД 101 пультіне Алматы қаласы Алмалы ауданы, Абай даңғылы, 89 мекенжайындағы 4 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт үйдің 1 және 2 қабаттарында орналасқан 2 қабатты дәмханаға жапсарлас салынған үй-жайда, кейін 3 қабатты пәтерге және үйдің ішінара шатырына өткен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына 14.34-те (3 минут) барды», делінген Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өрт сағат 16.31-де жойылған. Уақытылы жүргізілген эвакуациялау іс-шараларының арқасында үй тұрғындары мен қонақтары арасында зардап шеккендер жоқ.

Өрттің жалпы ауданы - 310 шаршы метр. ТЖД күшімен сөндіру барысында 2 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланған. Қабылданған шаралардың арқасында шатырдың едәуір бөлігі, үйдің өзі, коммерциялық алаңдар өрттен аман қалған.

Эвакуацияланған барлық тұрғындарға жылыну үшін автобустар берілген. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Алматыда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар