Аймақтар
1 мин оқу 292

Ақтауда техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болды

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету станциясында болған жарылыс туралы толық мәлімет берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

ТҚС қызметкері қайтыс болды, күйік шалған тағы үш ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды.

Бүгін сағат 18:20-да Маңғыстау облысы ТЖД «101» пультіне Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллоны жарылғанын хабарлады.

Бұл ретте өртті жою барысында өрт сөндірушілер өз өмірлеріне қауіп төніп тұрған тағы 17 газ баллонын шығарып үлгерді. Өрт сағат 18:48-де сөндірілді. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрайды. 

Өртті ауыздықтауға 25 өрт сөндіруші-құтқарушы қызметкерлері жіберілді. Сондай-ақ 6 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнына ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жіберілді.

Бөлісу:
Ақтауда техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар